بِســــــــمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِــــــــــيمِ АСА ҚАМҚОРШЫ ЕРЕКШЕ МЕЙРІМДІ АЛЛАМНЫҢ АТЫМЕН БАСТАЙМЫН. Өмірдегі қажетті сұрақтарға жауап. Сұрақ: Мәзһаб деп нені айтамыз? Жауап: Шариғатта арнайы тәсілдер, ереже- лер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығы. Сұрақ: Төрт үлкен мәзһабты атаңыз? Жауап: 1-Ханафи мәзһабы; 2-Шафиғи мәзһабы; 3-Малики мәзһабы; 4-Ханбали мәзһабы. Сұрақ: Сенімдегі мәзһабымыз қайсы? Жауап: Әһли сүннет уәл жамағат, яғни пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен сахабалары жүріп өткен сара жол. Сұрақ: Сенімдегі имамымыз кім? Жауап: Сенімдегі имамымыз Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди. Сұрақ: Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди кім? Жауап: Әбу Мансур Мұхаммед әл- Матуриди IX ғасырда Самарқанд маңындағы Матурид қалашығында дүниеге келген мүжтаһид ғалым. Сұрақ: Амалдағы (шариғаттағы) мәзһабымыз қайсы? Жауап: Ханафи мәзһабы. Сұрақ: Амалдағы мәзһаб имамымыздың аты кім? Жауап: Нұғман ибн Сәбит Имам Ағзам Әбу Ханифа. Сұрақ: Имам Ағзам Әбу Ханифа қай жылы туылды? Жауап: һижри 80 жылы, милади 699 жылы Сұрақ: Имам Ағзамның туған жері қайда? Жауап: Ирак елі, Куфа қаласында. Сұрақ: Әбу Ханифа қай сахабалардың көзін көрген? Жауап: Әнас ибн Мәлик, Абдуллаһ ибн Ауф, Уасила ибн Асқия, Сахл ибн Сайда, Әбу Туфайл Амр ибн Уәсила. Сұрақ: Әбу Ханифа қай жылы қайтыс болды? Жауап: һижри 150 жылы, милади бойынша 767 жылы. Сұрақ: Алла Тағаланың қандай сипаттары бар? Жауап: Алла Тағаланың алты зати және сегіз субути сипаты бар. Олар: Зати сипаттары: 1-Ужуд – Бар болу; 2-Қидам – Әуелден бар; 3-Бәқа – Мәңгілік; 4-Уахданият – Алланың бір екендігі; 5-Мухалафатун лилхауадис – Жаратылған- дарға ұқсамау; 6-Қиям би нәфсиһи – Мұқтаж емес, өздігінен бар болу. Субути сипаттары: 1-Хаят – Тірі болу; 2-Илим – Білу; 3-Самиғ – Есту; 4-Басар – Көру; 5-Ирадә – Қалауы болу; 6-Құдырет – Күші жету; 7-Кәләм – Сөйлеу құдыреті болу; 8-Тәкуин – Жоқтан бар етуі. Сұрақ: Жауапкершілігі жағынан ең үлкен пе- ріштелер нешеу? Жауап: Төрт үлкен періште бар 1-Жәбірейіл – Алла тағаланың бұйрықтары мен уахиларын пайғамбарларға жеткізуші пе- ріште; 2-Әзірейіл – Жан алатын періште; 3-Микайл – Табиғатқа қарайтын періште; 4-Исрафил – Қиямет күні ұлы сырнай сүрді үрлейтін періште. Сұрақ: Мүнкәр мен Нәкир қандай періште? Жауап: Қабірде сұраққа тартатын періштелер. Сұрақ: Қасиетті саналатын кітаптар қанша? Кімдерге жіберілген? Жауап: 1-Тәурат, Мұса пайғамбарға; 2-Забур, Дәуіт пайғамбарға; 3-Інжіл, Иса пайғамбарға; 4-Құран, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарға. Сұрақ: Пайғамбарлардың қанша сипаты бар? Жауап: Пайғамбарлардың бес сипаты бар олар: 1-Турашыл (сыддық) болуы; 2-Сенімді (аманат) болуы; 3-Дінді өз дәрежесінде халыққа тәблиғ ету; 4-Үлкен парасат иесі болуы; 5-Күнәдан пәк болуы.бүкіл мактаулар мен дұғалар əлемнің Раббысы Аллама болсын

Теги других блогов: Ислам мәзһаб сұрақтар